Қазақтың дүлдүл ақыны
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы
«Парасат жолы»
№19 кітапханада ұлтымыздың бір туар ұлағатты ұлы, қазақ поэзиясының өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай «Қазақтың дүлдүл ақыны» -атты жыр кеші өткізіліп, жас ұрпақ ақын мұраларымен қауышты.
Жыр кешіне /Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын - Есімсейтова Қаршыға Құрмашқызы Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқу –әдістемелік бөлім басшысы» Ерекешова Жаныгул Мұхитқызы қатысып ақынның шығармашылығын жас оқырмандарға түсінікті етіп жеткізе білді. №6 мектеп гимназия ағылшын пәнінің мұғалімі ШамшырақоваГулнара Мирасбекқызы, Сыздықова Айгул Өтемісқызы, қосымша білім беру мұғалімі Маханбетова Айнұр Амангелдіқызы шәкірттерімен бірге ақынның жалынды жырларымен оқып, арнаййы слайд дайындап ақынның өмірі мен шығармашылығынан толық мағлұматтар берді. Қазанқап атындағы музыкалық колледж студенті Орынбасарқызы Айнұр домбырамен ақынның «Өзім жайлы» өлеңін айтса,
Оқушылар сарайы өнер үйірмесінің оқушысы Мырзабек Аружан күмбірлете күй тартты.
Ақынның орындалып ұлы арманы
Қонғандай қолыңа кеп қиялдағы.
Қашанда оттай жанған Қасым жыры
Жылытып жүректерді тұрар мәңгі.- деген ақынға арнау өлеңмен аяқталған кеш Ақын Қасым мәңгі тірі ,оның өртке тиген дауылдай өлеңдері» ұрпақтан-ұрпаққа аманатталып мәңгі жасайтынына сеніміміз мол дегендей сеніммен қорытындыланды.







