» » Даңқты дихан, дала академигі- Ы.Жақаев

Даңқты дихан, дала академигі- Ы.Жақаев

    Ақ  күріштің зергері , еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын  шығарған атақты диқан, биылғы жылдың мерейтой иесі Социалистік Еңбек ері, күріш өсіруші Ы.Жақаевтың 130 жылдығына орай Қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен «Даңқты дихан, дала академигі- Ы.Жақаев»  тақырыбында таным сағаты өткізілді. Шараға Тасбөгент кенті жанынан құрылған ардагерлер ұйымының орынбасары, Еңбек ардагері Тобақабылов Олжабай мен № 257 мектептің 9 «а» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Матжанова Айжамал, кітапханашы Тұрсынова Жанат қатысты. «Ақ күріштің атасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға насихатталды. Шара барысында еңбек ардагері О.Тобақабылов өскелең жас ұрпақтарға Ы.Жақаевтың еңбек жолындағы жетістіктері мен қиындықтарын айта келіп, жастарды ерінбей еңбек етуге шақырды.
    Мақсаты:Оқырмандарға мағыналы ғұмыр кешіп, артына өшпестей із қалдырған дихан атамыз Ы.Жақаевтың өмір жолын насихаттау.

18 қазан 2021 ж. 387

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам