Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ
№17 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» атты жыр кешін өткізді.
Оның жыр жүрегі әркез тереңнен толғайды. № 144 С. Әлжіков атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Палымбетова ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет берсе, өз оқырманын сезімталдыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін «Туған жер», «Орал», «Орамал», «Атамекен», «Нар тәуекел» өлеңдерін кітапхана оқырмандары Ұлдана Аубакирова, Адина Жаңаберген, Мансұр Асылтайлар мәнерлеп жатқа оқыды. Сонымен бірге өз өлеңдеріне арнап әсерлі әуен шығарған сазгер ақынның «Өзім туралы» әні шырқалып, оқырмандар ақынның шығармашылығына арналған «Дарабоз дарын» атты кітап көрмесімен танысты. Шараның мақсаты: Оқырман қауымға ақынның өмірі мен шығармаларын насихаттау.








