Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов
№20 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында қоғам қайраткері Ә. Бөкейхановтың 155 жылдығына «Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов» атты танымдық сағат өткізілді.
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Оның бірі ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ә. Бөкейханов – қазақтың ұлттық мемлекетінің шаңырағын қайта көтеріп, бүгінгі тәуелсіздіктің мызғымас негізін қалап кеткен тарихи тұлға. Шараның мақсаты Ұлт көсемінің өмірі мен өнегелі жолын насихаттап жастарға патриоттық тәрбие беру.







