Тиімді тамақтана біл
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - құнарлы тамақтану. Сондықтан құнарлы тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құнарлылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс,құнарлы тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – бұл мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды. Осы орайда №3 кітапханада «Тиімді тамақтана біл» атты онлайн әңгеме оқу түрінде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілді.
Шарада әрбір адам баласының денсаулықтың басты байлық екендігін ұғынып, зиянды әдеттерге жоламай, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын сезінулері керектігі жөнінде айтылды. Мақсаты: Тәуелсіз ел тірегі – дені сау, еліміздің ертеңгі қамын ойлайтын, мықты, қайсар да қайратты саналы ұрпақ қалыптастыру.







