Қуандықова Гүлсара апай
№1 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында Одаққа белгілі механизатор, еңбек ардагері Қуандықова Гүлсара апаймен жастардың арасында кездесу кеші өткізілді. Қуандықова Гүлсара - қарапайым жұмысшы отбасынан шыққан, темір тұлпарды тізгіндеген, өзінің жастық жігері, патриоттық рухы, еңбеккерлігі мен ізденімпаздығы арқылы туған жерін түлеткен, Сыр бойының түлегі. Жас механизаторлардың республикалық конкурсында үшінші, ал 20 жігіт, екі қыз қатысқан Бүкіл Одақтық конкурста алтыншы жүлделі орынды жеңіп алған Еңбек Қызыл Ту орденді ардагер жерлесіміз. Кездесу кешіне Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ақын Мұхамеджан Нұрханов, сатирик- ақын,бірнеше кітаптардың авторы Қазына Өзденбаева және еңбек ардагерлері мен «Батыр аналар» қатыстырылды. Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары «Атасы мен баласы» атты көрініс көрсетіп, ақындардың жыр жолдарын жатқа оқыды. С.Майқанова мәдениет үйінің қызметкерлері өз өнерлерін көрсетті.







