Өнерді өрге, өлеңді төрге шығарған
Бүгінгі қазақ поэзиясын шырқау биікке көтеріп, қара өлеңнің қасиетін ұғына білген бір шоғыр жүйрік таланттар бар. Солардың арасында ұлттық тамырдан ажырамаған, қазақы бояуы қанық, көркемдік әлемі келісті -Жүрсін Ерманның да есімі айырықша аталады. Шежірелі Ұлытаудан қанат қаққан бір кездегі бала қыранның бүгінгі жеткен биігі де бас айналар ұшар шыңның басы секілді. Асыл өнерін халқының мұратына арнаған өлеңдер авторы, ақын Жүрсін Ерманның 70 жылдық мерейтойына арналған ««Өнерді өрге, өлеңді төрге шығарған» атты кітап көрмесін А.Тоқмағамбетов мәдениет үйінде 2021 жылдың 26 қазан айында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырып, қала тұрғындарына кеңінен насихаттады.
Көрменің мақсаты: Ақын журанлист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау, кітапханаға оқырман тарту.
Қала тұрғындары кітап көрмесіне қойылған Ж.Ерманның «Жанартау», «Арайлы күн, армысың!», «Ұлытауға бардың ба...», «Құдіретке жүгіну», «Екі тізгін, бір шылбыр», «Құстың көлеңкесі», «Ырғай», «Арнадым сізге», «Көктөбедегі кездесулер», «Алыстан және жақыннан», "Гөй-гөй", 5 томдық шығармалар жинағын және де айтыс пен айтыскер шәкірттері туралы мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалармен жақын танысып, Ж.Ерман жайлы өздеріне қажетті ақпараттар алды.







