Сағыныш екен бала кез
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында журналист, жазушы Қази Данабаевтың 70 жылдығына №14 кітапханада «Сағыныш екен бала кез» атты шығармасынан кітап талдауы болып өтті. Шараның мақсаты: жазушы Қ.Данабаевтың шығармаларын насихаттау, оқырмандарды оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың рухани дамуына үлес қосу.
«Сырдария кітапханасының» құрамына «Сағыныш екен бала кез» шығармалар жинағы енген Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист, жазушы Қази Данабаев журналистика саласымен қабат ғұмыр бойына көркем шығармашылықпен айналысты. Оның қаламынан туған «Гүлдәурен», «Ақ кептер», «Көктем тыныс», «Дария жыры» кітаптары басылды. Болып жатқан саяси, экономикалық өзгерістер, рухани жанғырулар жазушының қаламынан тыс қала алмайды. Оларды қаламгер өз көзімен көріп, өзінің ой елегінен өткізіп, содан соң көркем әдеби дүние дәрежесіне көтеріп барып, оқырманына ұсынды.
Шара барысында Қази Данабаевтың журналистік еңбектері, «Сағыныш екен бала кез» шығармасындағы әрбір кейіпкерін жазушы адамгершіліктің биік шыңына көтере білгендігі туралы айтылды. . Шығарма кейіпкерлері туралы №189 мектептің 9 сынып оқушысы Ұ.Бектай, Аймұратова Арайлар айтып, үзінді оқып берді.







