Ұлттық дәстүр – ұрпақ жалғасы
№6 кітапхана Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында «Ұлттық дәстүр – ұрпақ жалғасы» атты таным сағатын ұсынды. Іс-шара барысында жас ұрпақты адамгершілікке, бауырмалдыққа, ізгілікке, парасаттылыққа баулитын тәлім-тәрбиелік мәні зор салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз жайлы айтылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, сана-сезімі қалыптасқан, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды құрметтейтін ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу.







