Кітапхана – бар білімнің қайнар көзі
№6 кітапхана мектеп оқушыларының күзгі демалыстарын тиімді өткізуге, кітапханамен танысып, кітап оқып, рухани бай болуға тәрбиелеу мақсатында «Кітапхана – бар білімнің қайнар көзі» атты ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға №7 мектеп-лицейдің 2 сынып оқушылары ұстаздарымен, ата-аналарымен бірге келіп, кітаптар әлеміне саяхат жасады. Жас оқырмандар балалар жазушыларының шығармаларын дауыстап оқып, жаңылтпаштар жаттап, мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті. «Коворкинг» орталығында ой-өрістерін кеңейтіп, жылдам ойлануға, сауаттылықтарын арттыратын шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және т.б. қызықты ойындарды ойнады. Іс-шара соңында жас оқырмандар кітапханаға тіркеліп, кітапханадан алған әсерлерімен бөлісті.







