Көңлім–гүл, өмірім бақша, тілім бұлбұл
№17 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» аясында Сыр сүлейі, ақын-жырау Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына «Көңлім–гүл, өмірім бақша, тілім бұлбұл» атты әдеби оқу өткізілді. Сырдың бойы көмейінен ән мен жыр саулаған сүлейлер өлкесі болғанын қашанда мақтаныш етеміз. Әсіресе, қасиетті Қармақшы өңірінен шыққан айтулы ақын-жыраулар шоғыры ХIХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында көктегі жұлдыздай самсап көрінгені аян. Оқырман қауым халықтың рухани байлығына айналған өлең-жырдың авторы Кете Жүсіптің шығармашылығымен танысып, «Адамдық пен надандық», «Өмір сырлары», «Өсиет» өлеңдерін кітапхананың белсенді оқырмандары Мануар Дәурішхан, Ысқақ Орынбасар , Шамшырақ Қайратқызы мәнерлеп жатқа оқыды. Шараның мақсаты: Сыр шайыры Кете Жүсіп Ешниязұлының шығармаларын насихаттау.







