Қазақстан ғарышкерлері
№14 кітапхананың оқу залында «Қазақстан ғарышкерлері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып жас оқырмандарға таныстырылды. Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту, еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру мақсатындағы шараға №189 мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында қазақтың ғарышкерлері Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов жайлы мәліметтер айтылды.







