» » Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік

Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік

   А.С.Пушкин  атындағы  орталық кітапхана мен №18 кітапхана ұжымы бірлесіп «Парасат жолы» жобасы аясында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты кездесу кешін  өткізді.
    Кездесу кешіне арнайы С.Ысқақов атындағы Қызылорда Құрылыс және Бизнес колледжінің  мұғалімдері   желтоқсан оқиғасының куәгерлері   Топжанова Бибіжан мен Орғабаева Майра, колледж студенттері,  № 43,271  орта мектептің  10 сынып оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.  Шара барысында  қонақтар өскелең ұрпаққа  1986  жылғы желтоқсан оқиғасы жайлы   айтып,  жастарды өз елінің адал патриоты болуға шақырды.   Жас оқырмандар «Тәуелсіз ел»  атты әдеби монтажға қатысып,  мәнерімен жүрек жарды өлеңдерін оқыды.  Патриоттық әндер шырқалып,    кездесу кешінің сәнін келтірді.

15 қараша 2021 ж. 295

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам