Қаламмен кешкен тағдыр
№5 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай , «Парасат жолы» жобасы аясында әдебиет әлеміне өзіндік өрнегімен толысқан, талантымен танылған көрнекті жазушының бірегейі –Бексұлтан Нұржекеевтің 80 жылдық мерейтойына «Қаламмен кешкен тағдыр» атты кеш өткізілді. Қазақ әдебиетінде кең тыныстап, көптеген дүниелерді өмірге әкелген жазушының шығармашылығына арналған шараға кітапхананың белсенді оқырмандары қатысып, жазушының шоқтығы биік шығармаларымен танысты Кітаптары қолдан қолға өткен, өрелі оқырманға оның шығармаларындағы кейіпкерлері етене таныс. Шара барысында «Күтумен кешкен ғұмыр» «Бір өкініш, бір үміт»романдарынан үзінділер оқылды. Кештің мақсаты жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау.







