«Көше балалары» кітабы

   №6 кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында жастарды кітап оқуға баулу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізуге ықпал жасау, үздік туындыны насихаттау мақсатында башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың «Көше балалары» кітабы бойынша библиодесант ұйымдастырылды.  
   Айгиз Баймұхаметов жас жазушы, журналист, башқұрт әдебиетінің ХХІ ғасырдағы жарық жұлдызы. Башқұртстан және Ресей Жазушылар одағының мүшесі. Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Башқұртстан мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер. «Шонкар» («Сұңқар») республикалық жастар журналының бас редакторы. Ол 1988 жылы 27 қазанда Башқұртстандағы Белорецк ауданы, Абзаково ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, бауырларымен бірге Серменов балалар үйінде тәрбиеленген. Осыған дейін жазушының  жетім балалардың аянышты тағдыры жайлы жазылған «Тастамашы, ана!», «Ертегісіз өткен балалық» атты кітаптары жарық көрген. Автордың «Тастамашы, ана!» өмірбаяндық шығармасының желісімен Башқұртстан, Татарстан және Қазақстан театрларында спектакль қойылған.

22 қараша 2021 ж. 668

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам