Өзбекәлі Жәнібеков және тарихи мұралар
№20 кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлылардан ұлағат» жобасы аясында Мемлекет және Қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толуына байланысты « Өзбекәлі Жәнібеков және тарихи мұралар» атты ауызша журнал өтті.
Өзбекәлі Жәнібеков-Қазақ халқының ұлттық мәдениетін мен өнерін дамыту жолында іргелі істер атқарған салт- дәстүрдің ,тарихи жәдігерлердің қайта жандануына ықпал еткен белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, тарихшы. Қай қызметке, қай өңірге барсада артынан аңыз ерген арда азамат, ұлт рухын ұлықтаған тұлға. 1987-1988 жылдар аралығында Мәдени министірі қызметін атқарды. Мәдениеттің көптеген ұйымдарын құрды. «Сазген сазы» сынды фолклорлық этнографиялық ансамбльдер, театрлар, музейлер және Қазақстанның тарихи-мәдени мұраға жататын ескеріткіштердің ашылуына, зерттеу жұмыстарының қайта қалпына келуіне ықпал етті.







