Поэзия әлемінде

     Облыстық «Жастар» ресурстық  орталығында орналасқан №19 кітапханада  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай  Халықаралық "Шабыт" шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты, ақын, журналист-тележүргізуші Толқын Қабылша шығармашылығынан «Поэзия әлемінде»-атты әдеби-жыр кеші өткізілді. Шара  «Жастар театры»-әртістері  орындауындағы ақынның жырларынан көрініспен басталды.
Толқын Қабылша- «Жаныммен жалғыз кешкем мұң», «Жаңбырдағы сағыныш», «Осы бір сәт ұнайды» жыр жинағының авторы. Қазақстан -Қызылорда телеарнасының редакторы, журналист- тележүргізуші Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің түлегі. «Сыр бойы ақындарының антологиясына» бір топ жырлары енген Республикалық «Жалын», «Үркер» басылымдарында өлеңдері жиі жарық көріп тұрады. Республикалық, облыстық жыр мүшайраларының жүлдегері.
     Кешке Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облысының филиалы төрайымы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Қаршыға Есімсейтова,  ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қатира Жаленова,  Сырдың серкесі атанған айтыскер ақын  Серік Ыдырысов,  ақын Мөлдір Айтбай,  ақын Мақсат  Дауылбайлар   қатысты. 
Өлең-өнер, өлең –дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Мөлдірдің  әндері таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді . Белгілі  сазгер, әнші  И.Елубаева әнін жазған  «Күз кеуде», «Жадымда», «Асыл әке» секілді бірнеше өлеңдері сахнамызда  кеңінен шырқалуда.   Кешке әнші, сазгер Индира Елубаева қатысып  ақынның әндерін шырқады. 
Ақынның  елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған өлеңдерін кітапхананың белсенді жас оқырмандары мәнерлеп жатқа оқыды. 
Ақын Толқын Қабылша өз жырларын тебірене оқып, №43 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Жұмағалиева Гульзия Өмірзаққызының  ақынға арнау  өлеңін оқыды.  Ақын шығармашылығынан арнайы бейне  жазбалар көрсетіліп, кеш қонақтары жылы лебіздерін білдірді. 
     Жыр кешін  Облыстық «Жастар» ресурстық  орталығы директорының орынбасары Мақсат Дауылбай қорытындылады.

23 қараша 2021 ж. 7

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам