Қазақ өнерінің жаңалықтары
Болашақ үрпақты халқымыздың мәдени-рухани мұраларымен және өнер жұлдыздарымен таныстыру, өнерге деген қүштарлығын арттыру, кітапханаға оқырман тарту мақсатында №14 кітапханада «Қазақ өнерінің жаңалықтары» атты ақпарат күні ұйымдастырылды. Шара барысында мерзімді басылымдардан оқырмандарға қазақтың Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әмина Өмірзақованың , қазақ сахнасының анасы» болған Сәбира Майқанова, қазақтың бұлбұл әншісі Б.Төлегенова, өзге де өнер қайраткерлері жайлы ақпараттар айтылып, «Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» журналдарына шолу жасалды.







