Кітапхана – күн шуағы білімнің

    №6 қалалық кітапхана қызметкерлері мен  №235 К. Қаракөзов атындағы атындағы мектеп кітапханашылары бірлесіп Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» және орта білім саласындағы «Оқуға құштар мектеп» жобалары аясында «Кітапхана – күн шуағы білімнің» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырды. Саяхат барысында оқушылар кітапхана жұмысымен, кітап қорымен, алфавиттік және жүйелік каталогпен, кітап көрмелерімен, балалар бұрышымен, жаңадан түскен әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, «Коворкинг» орталығымен толығырақ танысып, кітапханаға тіркелді. «Коворкинг» орталығында адамның ой-өрісін дамытатын, ойлау қабілетін арттыратын, жылдам және дұрыс шешім қабылдауға ықпал ететін шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты ойын түрлерін ойнап, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясына таңдалған 30 кітап жайлы өз ойларымен бөлісті.

   
23 қараша 2021 ж. 7

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам