Жастықтың жалынды жырлары
№13,19 қалалық кітапханалар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жобасы» аясында жас қаламгерлердің шығармашылығына арнап «Жастықтың жалынды жырлары» атты жыр кешін ұйымдастырды. Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Жастар - қай заманда болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Бүгінгі кешіміздің мақсаты: өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, өз шығармашылықтарын шыңдау, өлеңге, сөз өнеріне баулу, қазақ әдеби тілінің қасиетті екенін ұғындыру және шеберліктерін арттыру.
Жыр кешін Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» директоры Асқар Құрмаш кіріспе сөзбен ашып талапкер жас ақындарға шығармашылық табыс тіледі. Кешке ақын, қоғам белсендісі, мүмкіндігі шектеулі Үксінбаева Зауре қатысып поэзияға келу жолын әңгімелеп, бірнеше жалынды жырларын оқыды.







