Тәуелсіздіктің 30 кітабы
2021 жылдың 26 қарашасы күні А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана мен «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы КММ бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 30 кітабы» атты оқырмандар сағатын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің М.Шоқай ғылыми-зерттеу орталығында өткізді.
Оқырмандар сағаты жалпыхалықтық оқуға іріктеліп алынған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармаларды қамтыды. Жастарға халық әдебиетін насихаттап, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтауға шақыру мақсатында өткізілген іс-шараға- Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы КММ директорының орынбасары – Е.С.Сахиев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты – А.Әбілов қатысты. Іс-шара барысында танымал жазушы Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» кітабы, Сәуле Досжанның «Қасірет пен Тағдыр» , көрнекті жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Жылан уы» мен «Сәмбі талдың мұңы» деген екі бөлімнен тұратын «Періштелердің өлімі» атты кітаптары жастарға насихатталып, олар отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылықтарын танытты.







