Мәңгілік елдің ұлы көшбасшысы
№6 кітапхана Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында аясында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» мекемесінде «Мәңгілік елдің ұлы көшбасшысы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Г.Залиева ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірбаяны мен қызмет хроникасын: металлург, қоғам және партия жетекшісінен саяси көшбасшыға дейінгі жолын, сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан зор еңбегі жайлы жан-жақты қамтылған А.Сәулебектің «Елбасының алтын бесігі», Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян, «Елбасы сыныптастары», М. Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», А.Гафоровтың «Еліне елеулі Елбасы», Ө. Жалаиридың «Елбасы біреу, ел оған тіреу», Н.Назарбаев «Ақыл-парасат кітабы», «Өзекжарды ойлар» және т.б. әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасады.







