Елін сүйген Елбасы
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана және №6 кітапхана мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсететін қалалық «Тең қоғам» орталығымен бірлесіп Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген Елбасы» атты тарихи-танымдық сағат ұйымдастырды. Іс-шараны орталық меңгерушісі М. Аралбаев алғы сөзбен ашты. №6 кітапхана қызметкері Г. Залиева мерекелік күннің маңыздылығы жайлы айтып, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың балалық шағынан бастап, еліміздің Тәуелсіздік алу жолындағы жасаған ерен еңбектері жан-жақты қамтылған арнайы 2 бөлімнен жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесіне Н. Назарбаев. Өмірбаян, А. Сәулебек «Елбасының алтын бесігі», «Елбасы сыныптастары», М. Қасымбеков «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», А. Гафоров «Еліне елеулі Елбасы», ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Қызмет хроникасы» топтамасы, фотоальбомдар, «Тәуелсіздік дәуірі», «Тәуелсіздік белестері», «Ғасырлар тоғысында», «Жылдар мен ойлар», «Еуразия жүрегінде», «Ақыл-парасат кітабы», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл» және т.б. еңбектері қойылды. Іс-шараны зор ықыласпен тыңдаған оқырмандар, кітап көрмесімен кеңірек танысып, Тәуелсіздік жайлы, ел экономикасының дамуы нәтижесінде ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ашылған орталық жайлы өз ойларын ортаға салды.







