Туған өлке – тұңған шежіре
№1 кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында «Туған өлке – тұңған шежіре» атты тарихи сағат № 11 мектеп-лицейінің 9 «Б » сынып оқушылары, ұстаздар, мектеп кітапханашылары қатысуымен өткізілді.
Туған өлке-тұнған шежіре. Кез келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт - дәстүріне терең бойлай алуы керек. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры - тұнып тұрған тарих. Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз , туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жақсы білуіміз борышымыз.
Шара барысында өлкеге қатысты сұрақтар қойылып, белсенді оқырмандарға Е. Қосжановтың «Киелі Сыр» кітаптары сыйға тартылды.
«Туған өлке - тұнған шежіре» атты тақырыбындағы кітап көрмесі бойынша өлкелік әдебиеттер кеңінен таныстырылды.







