Елбасы күні-елдікке құрмет
№3 кітапханада Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне "Елбасы күні-елдікке құрмет" атты танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті-Н.Ә.Назарбаевтың Ұлы Даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлға, Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, сындарлы сәттерде сарабдал, салмақты саясатымен елді сүріндірмей, дамудың даңғыл жолына жетелеген – ХХІ ғасырдың әлем мойындаған қайраткері екендігі айтылды.
Кітап көрмесіне қарапайым ауылдағы жасөспірім кезінен бастап, ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолын баяндаған әдебиеттер қойылып насихатталды.
Шараға «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжі және «Қызылорда инженерлік-техникалық» колледжінің студенттері мен кітапхана қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысып Елбасы туралы, Тәуелсіздік жайлы, ел экономикасының қалыптасуы жайлы өз ойларын ортаға салды







