Кемеңгерліктің 30 жылдығы
№18 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Парасат жобасы аясында 1 желтоқсан – Президент күніне арналған «Кемеңгерліктің 30 жылдығы» атты мерекелік кеш өткізілді. Шараға №197 Әбу Құдабаев атындағы қазақ орта мектебі оқушылары қатысып, өнер көрсетті. Жас оқырмандар Елбасыға ақындар арнауын жатқа оқып, Д.Дастанбек «Қазақ елі» әнін, Б.Серік М.Шахановтың «Заңдылық», Т.Кішкенбай «Мен қазақтың қызымын», М.Меңлібаева Алуаның орындауында монолог – «Мой Независимый Казахстан- моя Родина», Әлібек Қуаныш «Тұңғыш қазақ Президенті Нұрағам», Қайырбек Нұрайдың орындауында «Ағайша» термесі кеш көркін келтірді.







