Біз тәуелсіз еліміздің жалғасымыз
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Нұр Әлемі» балабақшасының «Құлыншақ» тобының қатысуымен «Біз тәуелсіз еліміздің жалғасымыз» атты ертеңгілік өткізілді. Туған жер, отан бақытты балалық шақтары туралы тақпақтарын жатқа оқып, ән салған жас бүлдіршіндер, тәрбиешілері Тулегенова Эльмираның бастауымен кітапханаға саяхат жасады.
Кітапхана туралы түрлі мәліметтерге қаныққан жас оқырмандар алдымен кітапхана бөлімдерімен, Балалар бұрышында түрлі түсті көркем әдебиеттермен жасақталған кітап көрмелерімен, оның ішінде өздерінің ішкі дүниесіне жақын ойыншық кітаптармен, ертегілермен жақын танысып, викториналық ойындарға қатысып, белсенділік танытты.







