Достықта жоқ шекара
2021жылдың 6 желтоқсан күні Достық үйінің концерт залында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен және «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Достықта жоқ шекара» атты славян фестивалі өтті. Дәстүрлі фестивальге «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, әскери қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты. Фестивальге келген қонақтар Достық Үйінің фойесінде дайындалған халықтық қолөнер бұйымдары мен фотосуреттер және А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапхананың шараға арнайы ұйымдастырылған «Книги строят мосты дружбы» атты көшпелі кітап көрмесі қала қонақтары мен тұрғындарына кеңінен насихатталды. Шара соңында кітапханаға-12 оқырман жазылды.







