Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат
№14 Белкөл кітапханасы мен клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 18 сәуір - Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат» атты әдеби оқу қала ішіндегі Қобыланды ескерткішінің жанында өткізілді. Шараны Жер қатынастары бөлімінің бас маманы Т.Әжібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. №189 орта мектеп оқушылары «Қобланды батыр» жырынан үзінділер оқып, батырдың ерлігін жиналған жастар жүрегіне жеткізгенлей болды. Жастар патриоттық әндер шырқалып, өлең-жырлар оқылды. Шара барысында Қобыланды батыр жайлы мәліметтер айтылды. Мақсаты: елдің елдігін танытар ескерткіштер жайында ұрпаққа мол мағлұматтар бере отырып, тарихи тұлғаларды ұлықтау, жастарға батырларымыздың ерлігін үлгі ету, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.







