Отыз жылдыққа отыз кітап
№1 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында «Болашақ»жоғарғы медициналық колледжі 1 курс студенттері қатысуымен “Отыз жылдыққа отыз кітап” атты танымдық сағат өткізілді.
«Бір ел – бір кітап» республикалық, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы негізінде жалпыхалықтық оқуға ұсынылған танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы оқырмандарға кеңінен таныстырылып, оқуға ұсынылды.
Шара барысында студенттер ұсынылған кітаптар бойынша оқыған кітаптары туралы ой-пікірлерін білдірсе, топ жетекшісі кураторы А.ЕБекмырзаева оқушыларға кітап оқудың пайдасы жөнінде келелі әңгіме айтты.







