Тәуелсіздік-еркін елдің тұғыры
№5 кітапханада Ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай , «Парасат жолы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының күніне орай «Тәуелсіздік-еркін елдің тұғыры» атты тарихи танымдық кеш өткізілді.Тарихи танымдық кеште Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана- сезімінің қалыптасуындағы,оның қазіргі әлемдегі өз ролі, тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері баяндалды.Сонымен бірге кеш барысында І.Акимов «Желтоқсан желі», К.Қыстаубаева Құрманғазының «Кісен ашқан» күйін орындап, тәуелсіздік жайлы ақындардың өлеңдерін ҰАмангелді, А.Әбсаттар, Н.Мейрамбек, С.Ерболат Сая мәнерлеп жатқа оқыды. Кеш барысында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» 1991-2021 жылдардағы еліміздің жеткен жетістіктерін баяндайтын кітап көрмесіне шолу жасалынды.







