Тәуелсіз елім - Қазақстан
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және «Парасат жолы» жобасы аясында «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты әдеби оқу өткізілді. Отанын сүйетін елжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатындағы іс – шараға ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында кітапхананың жас оқырмандары ақындар өлеңдерін жатқа оқып, тарих пәні мұғалімі Садықов Рақымжанның Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері жайлы баяндамасы тыңдалды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасалып, әдебиеттер насихатталды.







