Қазақ елім –Тәуелсіз!
№17 кітапханада Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында «Қазақ елім –Тәуелсіз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тәуелсіз еліміздің төл тарихы, 30 жылда жүріп өткен бел-белестер мен жетістіктерінен мәлімет беретін «Мәңгілік ел-Қазақстан», Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері», М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», Қ. Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі», М. Тоқашбаевтың «Тәуелсіздік тынысым», «Жеңімпаз ұрпақ», Елбасы Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» мақалалары мен әдебиеттер оқырмандарға насихатталды. Шараның мақсаты: Тәуелсіздікті құндылық ретінде танып, оны қастерлеуге тәрбиелеу.







