Шығыстың жарық жұлдызы
№18 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында түркі тілдес халықтардың әдебиеті тарихында данышпан ақын, философ Әлішер Науаидің туғанына 580 жылдығына арналған «Шығыстың жарық жұлдызы» атты рухани кеш №197 мектеп оқушыларының қатысуымен дәстүрлі түрде өткізілді. Кеш қонақтары Қорқыт Ата Университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қ.Р.-нің тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы және №197 мектептің тарих пәні мұғалімі Байсалбаева Нұргүл тақырып бойынша кеңінен әңгімеледі.







