Тәуелсіздік- елдігімнің айғағы
№11 Талдыарал ауылдық кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Парасат жолы" жобасы аясында "Тәуелсіздік- елдігімнің айғағы" атты әдеби оқу өткізілді. Шара барысында егеменді еліміздің даму тарихынан мағлұматтар беретін қысқаша деректі фильм көрсетіліп, жас оқырмандар өздерінің отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ақын жырларын мәнерлеп оқу арқылы жеткізді.
Тәуелсіздігімізді әрі қарай дамытып, мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайту үшін саналы, жаңалыққа жаны құмар білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатындағы шара патриоттық рухта өткізілді.







