Тәуелсіздік туы мәңгілік
№9 Ақжарма ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйімен бірлесіп «Тәуелсіздік туы мәңгілік» атты әдеби оқу болып өткізді. Кітапхананың жас оқырмандары Д.Әділхан, А.Нұрылдә, І.Әділхан тәуелсіздік тақырыбында жазылған қазақ ақындарының жырларын жатқа мәнерлеп оқыса, «Тәуелсіздік таңы», «Жасай бер», «Егемен Қазақстан» жырларын С.Алтынбек, Ұ. Жетпісбаева, Б.Ишанбек үш тілде жеткізді. Өнерлі жастар патриоттық әндер шырқап, тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихынан мәліметтер айтылды.








