Сыр елінің мақтанышы
№18 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында №197 мектептің оқушылары қатысуымен 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, бокстан Азия чемпионы боксшы Құлахмет Тұрсынбаймен «Сыр елінің мақтанышы» атты кездесу кеші болып өтті. Шара барысында чемпион өзінің спорттағы жетістіктері, српорт адам өміріндегі маңыздылығы туралы айтып, жас оқырмандардың сұрақтарына орай естеліктермен есте қалған ерекше оқиғаларды қызықты етіп әңгімелеп берді. Қалаған спорт түрлерін атап өздерінің болашақтағы арман-мақсаттарымен бөліскен жас бүлдіршіндерге чемпион ағалары сәттілік тіледі.







