Ел бақытын – өз бақытым деген ер
№6 кітапхана қазақ халқының ардақты перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай «Ел бақытын – өз бақытым деген ер» атты ақпараттық дайджестті ұсынады. Іс-шара барысында қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың өнегелі өмір жолы, жауапты басшылық қызметті атқара жүріп, республикадағы тау-кен ісін дамытуға қосқан ерен ерлік істері, ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде өнеркәсіп орталығы болып саналатын Рудный, Екібастұз, Ақтау, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық және т.б. 68 жұмысшылар кенті мен 43 қаланың салынғаны жайлы ақпараттар айтылды.
Іс-шараның мақсаты – өнегелі ғұмыр иесінің өмір жолы мен елге сіңірген еңбегін насихаттау. Жас ұрпақтың бойына елжандылықты сіңіру. Халыққа адал қызмет етудің үлгісін көрсету.







