Аты аңызға айналған шоқжұлдыз
№4 кітапхана ән өнерінің тарихында өшпес із қалдырған Роза Тәжібайқызының-100 жылдығына орай «Аты аңызға айналған шоқжұлдыз» атты танымдық сағат ұсынады. Күміскөмей әнші, Халық Қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері, шетелдіктердің өзі қазақтың қызғалдақ гүліне теңеген ерекше жаратылыстағы сұлу Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Роза Тәжібайқызы қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды үлес үлес қосқан тұлға.







