Ұрпағына қорған болған ұлы баба

     № 3кітапхана   Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының  езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы батыр, Жанқожа Нұрмұхамедұлының 245 жылдығына орай «Ұрпағына қорған болған ұлы баба» атты онлайн түрде ерлік сағатын  ұсынады.  
     Ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы, Жанқожа батырдың бабалар әруағына шынайы берілген, ұлтқа қадірлі, аса білікті адам.  19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған  қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа  өктемдігін күшейткен.  Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал  теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырған.  Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан  бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрған,  осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал  болған Жанқожаның төңірегіне топтасқан.

19 қаңтар 2022 ж. 298

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам