Тәуелсіз Қазақстан – Мәңгілік ел
№6 кітапхана Тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгіні жайлы жазылған әдебиеттерді насихаттау және Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау мақсатында «Тәуелсіз Қазақстан – Мәңгілік ел» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады. Кітап көрмесі қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі «Мәңгілік Ел – Қазақстан» фотоальбомы, балаларға арналған «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан» энциклопедиясы, «Қазақстан - қарашаңырағым» фотоальбомы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Сұлтан Қалиұлының «Менің елім», ақындардың азат елді ұлықтаған өлеңдері топтастырылған «Жыр-тұғырым – Тәуелсіздік, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері ақын Бауыржан Жақыптың «Желбіреп тұрған Көк Туым – биік тұғырым», жазушы С. Досановтың «Тәуелсіздік толғауы» және т.б. еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы жазылған еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдеби туындыларымен қамтылып, библиографиялық шолу жасалды







