Ұрпағы ұмытпайтын Ұлы Жеңіс
№16 кітапханада Ұлы Жеңістің 74 жылдығына байланысты күніне байланысты «Ұрпағы ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Ұлы Отан соғысы жайлы, елдік пен ерліктің өнегесін көрсеткен, сұрапыл соғыста қайсарлық пен қаһармандық танытқан қазақтың батырлары Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев, Х. Доспанова, С. Нұрмағанбетов т. б. туралы жазылған «Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер», «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев», «Қаһарман қыз Хиуаз», Ж. Темірақынның «Генерал Нұрмағамбетов», Қ.Шәріповтың «Қаруластар», Т.Көлбаевтың «Өшпес даңқ» т.б әдебиеттер қойылып оқырмандарға таныстырылды.







