Жарты әлемді таң қалдырған қазақ қызы
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханда Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Жарты әлемді таң қалдырған қазақ қызы» атты өнер сағаты өткізілді.
Шараға арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге әсем әуенімен әлемді тамсандырған қазақ бұлбұлының өмірі мен өнеріне арналған кітаптар, отбасы туралы баяндалған әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар мен естеліктер қойылды. Оқырмандар көрмеге қойылған Роза Тәжібайқызының өз аузынан айтылған сыры мен шындығы, өмір-өнер белесіндегі естеліктер жайлы толық ақпараттар алды.







