Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік міндет
Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жолдарын насихаттау мақсатында жүйеге қарасты Абай ауылдық №5 кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік міндет» атты тұрақты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы, Сарбұлақ Ибрашұлының «Пара»,Нұртан Төлепбергенұлының «Жемқордың жеткен жері», Сәпен Аңсатовтың «Айтарым бар»,Шакизада Құттақовтың «Қазаннан қақпақ кетсе... кітаптарымен қатар басылым беттеріне шыққан мақалалар қойылып, таныстырылды







