Кейде бір көңіл-дария тасқандайсың
№17 кітапхана Сыр сүлейлерінің бірі Бұдабай Қабылұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Кейде бір көңіл-дария тасқандайсың» атты онлайн ғибрат сағатын оқырман назарына ұсынады. Сыр бойының арқалы ақыны Бұдабай Қабылұлы артынан аз да болса, өте құнды мұра қалдырған кісі. Бұдабай-қазақтағы ауыз екі суырып салып айту мен жазып шығару үрдісін қатар ұстаған белгілі жүйрік ақындарымыздың бірі. Бұдабай Қабылұлының бізге жеткен өлең-жырлары онша көп болмаса да, мазмұн байлығы мен көркемдік, тіл кестесі, өзіндік қайталанбас мәнер-нақышы жағынан да аса құнды елеулі. Шараның мақсаты: ұлттық рух ұрангері болып, ел ұйтқысына айналған арқалы ақынның жауһар жыларын насихаттау.







