Бабаңнан саған не қалған?
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар кітапханалар жүйесіне қарасты №11 кітапханада жас оқырмандарға ата-бабаларымыздың аманатталған салт-дәстүрлерімізбен нақыл сөздерін насихаттау мақсатында "Бабаңнан саған не қалған? " атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. Шара барысында оқырмандарға салт- дәстүрлер, қазақтың сал-серілері, Қаз дауысты Қазбек би, Әйтеке би, Майқы би туралы әдебиеттер , Сен білесің бе? және т.б энциклопедиялар мен анықтамалықтар ұсынылып насихатталды.







