Жылдың мерейтой иелері
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, сөз зергерлері, артына мол әдеби мұра қалдырған жазушы, әдебиеттанушы, драматург, қоғам қайраткері, «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Тұтқын қыз» т.б. сонымен бірге ана тақырыбындағы шығармаларында қазақ әйелінің бейнесін жасаушы Ғабит Мүсіреповтің, жазушы, көркем сөздің хас шебері атанған, тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзілік рекорд жасаған Шығанақ Берсиев жайлы «Шығанақ», Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Қарағанды», «Дауылдан кейін» т.б. шығармаларының авторы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдық, Халық жазушысы, «Ай мен Айша», «Бір кем дүние», «Қара маржан», «Қызыл жебе» т.б. шығармалардың авторы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық және қазақтың қабырғалы қаламгері, «Отырар», «Фараби», «Кісі ақысы», «Жібек жолы», «Жолбарыстың сүрлеуі» т.б. бірнеше әдеби шығармалардың, Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше қамтыған «Екі дүние есігі» атты зерттеу еңбегінің авторы, жерлесіміз Дүкенбай Досжанның 80 жылдық мерейтойлары. Осы орайда №6 кітапхана оқырмандарға биылғы мерейтой иелерінің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріп, шығармалары арқылы жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбекқорлыққа, тарихи тұлғаларымызды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Жылдың мерейтой иелері» атты онлайн әдеби глобусты ұсынады.







