Ұрпақтар сабақтастығы

      А.С.Пушкин  атындағы  орталық кітапхананың  коворкинг  орталығында  «Жас Отан»  Жастар  Қанаты  мүшелерінің  ұйымдастыруымен  Елбасы  айқындаған  жаңғырту  құндылықтарын  жастар  арасында  насихаттау  мақсатында  «Ұрпақтар  сабақтастығы»  тақырыбында кездесу  кеші  өткізілді.  Шараның  арнайы  қонағы  С.Ысқақов  атындағы Құрылыс  және  бизнес  колледжінің  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Ниякүл  Нәбиқызы   өзінің «дәнекерлеуші»  мамандығынан  бастаған  жалын- жастығын,  тынымсыз,  үздіксіз  еңбек  арқасында  осындай  дәрежеге  жеткендігін жастарға  айтып,    жастардың  қызықты сұрақтарына    ұтымды жауаптар берді.  
     Ниякүл  Нәбиқызы  ұстаз болудың қыр-сырымен бөлісіп,   осы  салада  шәкірттер  даярлағанын     мақтаныш   ететіндігін   жеткізді.

06 мамыр 2019 ж. 1 282

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам