Жұлдызды ғұмыр
Алаштың ардақтысы, мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат, жазушы Нәзір Төреқұловтың туғанына биыл 130 жыл. Осы орайда, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана өз оқырмандарына және желі пайдаланушылар назарына «Жұлдызды ғұмыр» атты онлайн әдеби шолуын ұсынды.
Нәзір Төреқұлов – өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарқырап шыққан жас қазақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғаларының бірі. Нәзір Төреқұлов туралы, оның ерен еңбек¬те¬рі мен дипломатиялық қызметтері жө¬нін¬де дипломат, ғалым Тайыр Мансұров үлкен еңбектер жазды. Н.Төреқұловтың өмір жолын терең зерттеп, зерделеп, ол туралы бірнеше кітаптарын орыс, ағылшын, қазақ тілдерінде баяндап, әлемге жәрия етті. Нәзір Төре-құ¬ловтың сегіз жыл бойы (1928-1936) өз елінің Сауд Арабиясындағы лайықты өкілі болған. Н.Төреқұлов еңбекқор, батыл ойлы, жергілікті шейхтермен қатар, Англиядан, басқа да Батыс елдерінен келген дипломаттардың тілін тапқан шебер қайраткер болған. Нәзір Төреқұлов тыным¬сыз іскер¬лігі, ізденімпаздығы, жасам¬паз¬дығы мен өмірде жиған мол тәжіри¬бесінің арқа-сында, ол өзінің қысқа ғұмы¬рында туған халқы мен Отаны¬на пайдалы көп іс тындырды.







