Ертегі Ханшайымымен
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Президентіміз атап өткендей , бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты. Осы орайда, 31қаңтар күні А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана жанында жақын орналасқан «Нұр Әлемі» балабақшасының «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері кітапханаға келіп, «Ертегі Ханшайымымен» кездесті. Кездесу барысында бүлдіршіндер Ханшайым ертегісінен «Асқан асыл сыйлық», «Қайырымдылық», «Ақылды жігіт пен зерделі қыз» атты тәрбиелік мәні зор әңгімелерді тыңдап, ақ пен қараны, жаман мен жақсыны ажырата біліп, өздерінің ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін дамытты.







